"Birgemiz" қоры мақтааралдықтарға көмек көрсетеді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қор Мырзакент кентіндегі 20 үйдің құрылысына 340 млн теңге бөлмек.</h4>

 14 Мамыр 2020 2020, 17:05
14 Мамыр 2020 2020, 17:05
1609

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қор Мырзакент кентіндегі 20 үйдің құрылысына 340 млн теңге бөлмек.

Өзбекстандағы бөгеттің бұзылуы салдарынан зардап шеккен Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының тұрғындарына "Birgemiz" қоры қосымша көмек көрсетеді. Бұл туралы қордың телеграм каналы хабарлады.

Атаулы қағидат бойынша қордың Қамқоршылық кеңесі Мырзакент кентіндегі 20 үйдің құрылысына 340 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады.
Осылайша, Достық ауылының тұрғындары үшін тұрғын үй мәселесі толығымен жабылады. Мұнда саман үйлердің орнына газ блоктарынан тұрғызылатын 100 ш.м. болатын 4 бөлмелі үй салынады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Birgemiz" қоры 2020 жылдың 20 наурызында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын.

Наверх