Еліміздің түкпір-түкпірінде қазақстандықтар қарттар үйлері мен халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушыларын қолдауға бағытталған бастамаларды іске асыруға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азаматтарға өз идеяларын жүзеге асыруға «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы көмектесті. Еріктілер қарттарға қалай көмектесетіні туралы біздің материалымыздан оқыңыз.
Егде жастағы адамдарға ілтипат көрсету, қамқорлық таныту, олардың өзекті мәселелерін шешу. «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасының басты идеясы міне, осындай.
Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша республика өңірлерінде жүзеге асырылуда.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы – жоба операторы.Азаматтар мен еріктілердің қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған жоба шағын гранттардың бөлінуін де көздейді. Биыл бұл бағыттағы волонтерлік бастамаларды іске асыруға 30 шағын грант бөлінген.
Жоба үйлестірушісі Меруерт Өтегенованың айтуынша, «Birgemiz: Qamqor» жобасының арқасында аға буын өкілдерінің көбі түрлі көмек алады. Өйткені, проблемалар жалғыздық, ешкіммен араласып құраласпау, цифрлық сауаттылықтың жоқтығы сияқты өмірдің әртүрлі аспектілерін қамтиды.
Әлеуметтік жоба аясында осы мәселелерді шешуге шағын гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстың жеңімпаздары атанған волонтерлер өзінің үлесін қосады.
Биыл шағын гранттар байқауына қатысуға еліміздің 20 өңірінен 75 өтінім келіп түсті. Олардың ішінен біз үздік 30 жобаны таңдадық. Қарияларға көмек көрсетуге бағытталған волонтерлік бастамалардың біраз бөлігі Жамбыл облысында іске асырылатын болады. Мұнда еріктілердің 9 тобы байқаудың финалына өтті.Қазақстанда волонтерліктің қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Еріктілердің қамқорлығы мен қолдауының арқасында қарт адамдар өздерін қоғамға керек екендігін сезінеді, - дейді Меруерт Өтегенова.
Қазіргі уақытта шағын гранттар байқауының 30 жеңімпазы өз жобаларын жүзеге асыруға кірісті. Еріктілер жалғыз басты қарттарды әлеуметтік өмірге тарту үстінде.
Мәселен, бастамашыл топтар аталар мен әжелерді заманауи технологиялармен жұмыс істеуді көрсетеді, олар үшін шығармашылық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырады, әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша кеңестер береді.
Жаңа өмір» ҚБ волонтерлері «Рука о руку» жобасын іске асырып жатыр. ҮЕҰ мамандары өздерінің шағын гранты аясында жалғыз басты қарттардың бос уақытын ұйымдастырып, оларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетеді.
Белсенділер еріктілік әлемінің оларға қандай мүмкіндіктердің сыйлағанын айтады.«Бізге қарт адамдарға қамқорлық пен көңіл бөлу маңызды.
«Birgemiz: Qamqor» жобасының қатысушылары үшін еріктілік – бұл үлкен марапат. Біз бүкіл әлемді өзгерте алмасақ та, бірақ адамдардың шағын топтары үшін оны жарқырата түсетін ниетіміз бар.
Біз қариялар үшін жастардың қатысуымен өтетін әртүрлі шығармашылық кештер, қолөнерден шеберлік сағаттарын ұйымдастырамыз. Жас және аға буын өкілдерінің өзара сыйластығы өмірді мәнді ететіні сөзсіз, - дейді қоғамдық бірлестіктің еріктісі Ақбілек Шохова.
Жоба аясында Көкшетауда «Ұрпақтар байланысы» бастамасы жүзеге асырылады. Балалар күміс еріктілермен бірлесіп, эко-сөмкелерді тігуден, нәрестелерге арналған шұлықтарды тоқудан шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлап отыр.Ал Қарағанды және Қызылорда облыстарында еріктілер қарт адамдардың компьютерлік сауаттылығын арттырады. Талдықорғанда жоба аясында «Қариялар клубы» құрылмақ.
«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасын іске асыру 2024 жылға дейін жалғасатын болады. Үш жыл ішінде жоба шеңберінде қарт адамдарды қолдауға бағытталған волонтерлік бастамаларды іске асыруға 300 мың теңге мөлшерінде 90 шағын грант бөлінетін болады.
Сондай-ақ, «Birgemiz: Qamqor» жобасы аясында әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарындағы жұмысқа еріктілерді даярлау және оқыту, қарт адамдарға түрлі көмек көрсетуге арналған еріктілер топтарының іс-шараларын ұйымдастыру сияқты бастамалар іске асады. Жобаға жыл сайын кемінде 2 мың волонтер тартылды.