Екінші деңгейлі нарықтағы пәтерлер бағасы өсіп келеді. Жарты жылда, яғни 2025 жылғы қаңтар мен маусым аралығында Қазақстан бойынша пәтерлердің орташа ұсыныс бағасы 3,4%-ға артты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Krisha.kz мәліметінше, 2025 жылдың маусымы мен 2024 жылдың маусымын салыстырғандағы жылдық динамика пәтер бағасының 7%-ға өскенін көрсетті.
Ең жоғары өсім Ақтауда (+18%), екінші орында Астана (+11%), Алматы мен Шымкентте сатушылар бағаларды 8%-ға көтерген, ең аз өсім Таразда (+1,4%) және Көкшетауда (+2%), - делінген жылжымайтын мүлік платформасы мониторингінде.
Ал жарты жыл ішіндегі ең айқын баға өсімі мына қалаларда байқалды:
Қостанай мен Ақтауда +7,6%;
Өскеменде +5%;
Павлодарда +5,3%;
Атырауда +3,7%.
Алматы, Астана және Шымкентте бағаның өсуі шамамен 3% көлемінде.
Бағаның сәл ғана төмендеуі тек Көкшетауда тіркелді — мұнда бір шаршы метрдің бағасы 0,5% арзандады.