Бір жылда 75 млн доллардың балығы экспортталды

28 Маусым 2021, 19:00
2374
Бөлісу:
Бір жылда 75 млн доллардың балығы экспортталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов 2020 жылы қанша балық экспортталғанын айтты.

Балық ресурстарының табиғи қорларының тұрақты жай-күйінің арқасында 2020 жылы 47 мың тонна балық ауланған. Өз кезегінде, шикізаттың болуы 75 млн АҚШ доллары сомасына 35,7 мың тонна көлемінде балық өнімдерін өңдеуге және экспорттауға мүмкіндік берді. Балық өнімдерінің импорты 72,1 млн АҚШ доллары сомасына 43,6 мың тоннаны құрады. Бұл ретте импорттың негізгі бөлігі мұхит балығы мен теңіз өнімдері айта кеткен жөн, - деді Нариман Жүнісов.

Ол сонымен қатар жыл сайын жас балықтардың су айдындарын жасанды жолмен көбейту және балықтандыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатынын атап өтті.

Мемлекеттік тапсырыс аясында биылдың басынан балық шаруашылығы су қоймаларына 45 млн-ға жуық шабақ өсіріліп, жіберілді. Жыл соңына дейін тағы 29 млн дана шабақты, оның ішінде 7 млн дана бекіре шабағын жіберу жоспарланған. Балықтардың мекендеуі мен уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстар аясында 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін Жайық және Қиғаш өзендерінде балық жүретін каналдарда су түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Бұл тұрғыда осы өзендерде 2018 жылмен салыстырғанда балық аулау көлемін 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді, - дейді комитет төрағасы.


Өзгелердің жаңалығы