Бір жыл ішінде Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есе артты

Бүгiн, 14:02
172
Бөлісу:
Бір жыл ішінде Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есе артты
Фото: pixabay.com

Электр тоғының қуатымен жүретін автокөлік құралдарының саны 1,6 есе өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 12 587 бірлікті құрады, бір жыл бұрын тіркелген электромобильдер саны 7 680 бірлік болған. Бұл автомобильдерге де, жүк көліктеріне, автобусқа да қатысты. Жеңіл автомобильдер арасындағы өсім ең жоғары: олардың саны 7 383-тен 12 119 бірлікке дейін өскен.

Алматы электромобиль саны бойынша көшбасшы болып отыр – қалада мұндай 7 309 автомобиль тіркелген. Одан кейін тоқ күшімен жүретін 1 510 көлігі бар Астана, сондай-ақ Алматы облысы, онда 638 автомобиль электр қуатының көмегімен қозғалады. 

Бүгінгі таңда жүк тасушы электромобильдер саны – 338 бірлік, автобустардікі – 130 бірлік.

Өзгелердің жаңалығы