Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Дөңгеленген дүние" газетінің негізін қалаушы әрі бас редакторы Талғат Орманов 60 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Журналист 1961 жылдың 11 сәуірінде Бәйдібек ауданында дүниеге келген.
Ол оңтүстік өңірде баспасөз саласының дамуына өз үлесін қосқан.
Талғат Орманов еңбек жолын 1990 жылдары Ордабасы, Бәйдібек, Созақ аудандарында меншікті тілшіліктен бастаған.
Кейінгі жылдары республикалық "Дөңгеленген дүние" газетінің бас редакторы қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін соңғы бірнеше айдың ішінде коронавирустан көз жұмған журналистер жайлы жазған болатынбыз.