Қостанай облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Дамир Ермағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі жағдайды баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, облыс бойынша су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. Қаратомар су қоймасын толтыру 94%-ды құрады. Дәл қазір Қостанай қаласына қарай көлемі 2 640 текше метрге дейін азайта отырып, су жіберіледі, тәулігіне су деңгейінің 20-25 см-ге төмендеуі байқалады.
9097 адам құтқарылды және эвакуацияланды, тәулігіне 120 адам, оның ішінде 43 бала, 11 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Уақытша орналастыру пунктерінде 759 адам, оның ішінде 345 бала бар, - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар ол облыс бойынша барлығы жеке құрамдағы 2753 адам мен құралдар, 444 бірлік техника, 144 бірлік мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары, 5 бірлік әуе кемелері жұмылдырылғанына тоқталды.
Жағдайды бақылау үшін барлық су айдынында ТЖД қызметкерлерімен тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылады.