Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елімізде ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 11 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 482 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 310 370 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 123, Алматы қаласында - 205, Шымкент қаласында – 28, Ақмола облысында – 1, Ақтөбе облысында –3, Алматы облысында - 29, Атырау облысында - 15, Шығыс Қазақстан облысында - 5, Жамбыл облысында - 23, Батыс Қазақстан облысында - 4, Қарағанды облысында - 28, Қостанай облысында - 0, Қызылорда облысында - 6, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 4, Солтүстік Қазақстан облысында - 0, Түркістан облысында - 4.