Соңғы тәулікте 271 жерлесіміз коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
23 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 523 адам коронавирус инфекциясынан (–2 399+ және 124 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 333 пациент стационарда, 2 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 14 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.