Биыл Тарбағатай ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 62 баспананың құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінде аудан бойынша баспана кезегінде 236 адам тұр. Оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, тұрғын үйі апаттық деп танылғандар мен жетім балалар бар.
Баспана тек аудан орталығында ғана емес, халықтың сұранысына байланысты ауылдарда да салынады. Биыл Ақжарда – 54, Жаңаауылда – 2, Маңырақ ауылында – 2, Қарасу және Байтоғас ауылдарында 2 үйден салуды жоспарлап отырмыз, - деді аудан әкімі Дархан Жөргекбаев.
Айта кетейік, 2022 жылы аудан көлемінде 177,6 млн теңгеге 7 баспана салынса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 4 есе өсіп, 27 баспана салынып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға табысталған болатын.