Бір планета, бір болашақ: экологиялық тұрақтылық үшін күш біріктіру

29 Ақпан 2024, 19:53
497
Бөлісу:
Бір планета, бір болашақ: экологиялық тұрақтылық үшін күш біріктіру
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бүгін Найробиде (Кения) өтіп жатқан БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі Ассамблеясының 6-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының төрағалығымен ШЫҰ-БҰҰ-ның «Бір планета, бір болашақ: экологиялық тұрақтылық үшін күш біріктіру» атты арнайы іс-шара өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл іс-шараның мақсаты әлемдік қоғамдастықтың назарын ШЫҰ-ның экологиялық тәсілдері мен басымдықтарына аудару, ШЫҰ-ның экологиялық өлшемдегі қызметін әлемдік қоғамдастыққа көрсету мүмкіндігі, ШЫҰ-ның БҰҰ-мен және оның мамандандырылған құрылымдарымен байланыстарын дамыту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылау, екі ұйым арасындағы практикалық ынтымақтастықты арттыру перспективалары, БҰҰ-ның Қоршаған орта саласындағы басты органы болып табылатын ЮНЕП-пен өзара іс-қимыл орнату болып табылады, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, ШЫҰ-ның табиғатты қорғау күн тәртібінің тиімділігін арттыру және Ұйымның халықаралық имиджін арттыру мүмкіндігімен ШЫҰ-ның әлемдік экологиялық күн тәртібін қалыптастырудағы рөлін нығайту.

Айта кету керек, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылды ШЫҰ экология жылының аясында өткізу туралы бастама көтерді. Бұл бастама қолдау тапты. Бұл өз кезегінде үштік планетарлық дағдарысты шешу жөніндегі шараларды күшейтуге және климаттың өзгеруі мен экологиялық деградация нәтижесінде туындаған сын-қатерлер туралы хабардарлықты арттыруға мүмкіндік береді.

Арнайы іс-шара барысында Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшыларының ШЫҰ-ның Табиғат қорғау саласындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективаларына, сондай-ақ ШЫҰ-ның БҰҰ-мен және оның мамандандырылған құрылымдарымен байланысын дамыту мәселелеріне байланысты тақырыптар бойынша сөйлеген сөздері тыңдалды.

Сондай-ақ Жаһандық экологиялық және климаттық проблемалар, ШЫҰ мен БҰҰ әлеуетін пайдалана отырып, оларды бірлесіп шешу жолдары бойынша субстантивтік пікір алмасу өтті.

Өзгелердің жаңалығы