Бір пәтерді бірнеше адамға сатқан: Ақтауда компания басшысы қамауға алынды

Ақтауда "Global Construction bi" ЖШС-нің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 pixabay 16 Қыркүйек 2025 2025, 23:57
16 Қыркүйек 2025 2025, 23:57
732
Фото: pixabay

Ақтауда "Global Construction bi" ЖШС-нің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол бір пәтерді бірнеше сатып алушыға сатқан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленушілердің арыздары негізінде ҚР ҚК 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу басталды.

1976 жылы туған компания директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр, өзге мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Ашуланған үлескерлер 15 қыркүйекте облыс әкімдігіне барған. Олардың айтуынша, құрылыс салушы «Жақсылық» тұрғын үй кешенінің бірдей шаршы метрін бірнеше сатып алушыға қатар сатқан.

Арызданушылар бұл жағдайды алаяқтық әрекет деп санап, биліктен араша сұрады. Әкімдік алдында жиналған адамдар құрылыс компаниясының үстінен шағым түсіргенін мәлімдеді.

Наверх