Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бір палаталы Парламент құру туралы ұсынысына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біріншіден, бұл заң шығару жүйесінің тиімділігін арттырады. Мәселен, қазір Мәжіліс заңдарды қабылдап, кейін оны Сенатқа жібереді. Ал бір палаталы Парламент болған жағдайда, заңдарды қабылдау үдерісі әлдеқайда жедел әрі тиімді болады, - деді ол.
Депутаттың айтуынша, бюджет қаржысы да үнемделеді.
Бұл бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген қаржы басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталуы мүмкін. 2027 жылға дейін елімізде көптеген өзгерістер жүзеге асады. Оның барлығы республикалық референдум нәтижесіне байланысты анықталады, - деді ол.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда бір палаталы Парламент құруды тапсырды.
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бір палаталы Парламент құру туралы ұсынысына қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл бастама – қоғамда бұрыннан талқыланып келе жатқан және бүгінгі күннің өзекті қажеттіліктеріне жауап беретін маңызды қадам.