Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Бір отбасы ұшты-күйлі жоқ": Атырау облысында төрт тұрғын іздестірілуде

5 Қаңтар 2026, 19:04
618
Бөлісу:
 Атырау облыстық ПД
Фото: Атырау облыстық ПД

Атырау облысында төрт тұрғын іздестірілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына Атырау қаласының тұрғыны ағасы мен оның отбасының бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген.

Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында өз үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

"Бір отбасы ұшты-күйлі жоқ": Атырау облысында төрт тұрғын іздестірілуде
Атырау облыстық ПД

Олардың жүрген жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдауда. Басқа өңірлердің полиция қызметкерлері де бағдарланды. 

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыптылар мен олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік өңірлеріне бағыт алуы мүмкін. Аталған азаматтардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болған барлық азаматтардан құқық қорғау органдарының 98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 00 12 телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың айтуынша, қазіргі уақытта аталған іс бойынша түрлі расталмаған ақпараттар таралуда. 

25 желтоқсан күні төрт адамның жоғалғаны туралы ақпарат түскен сәттен бастап, еліміздің аумағында кешенді іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, екі немесе одан да көп адамның жоғалуы адам өлтіру бабы бойынша сараланады. Осыған байланысты қазіргі уақытта жоғалған отбасының орналасқан жерін анықтау және оларды табу мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүзеге асырылуда. Тергеу аясында барлық медициналық мекемелер, оның ішінде жекеменшік клиникалар да тексерілуде. Сонымен қатар, жоғалған адамдардың ұялы телефондарынан сигналдар Қазақстан аумағында бірнеше рет тіркеліп, қосылып-сөндірілгені анықталды, соңғы тіркелген дерек Шымкент қаласында болған. Іздестіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оған Ішкі істер министрлігінің мамандары да жұмылдырылды, - дейді Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталған отбасының кіші қызы мен күйеу баласының шет мемлекетте жүргені анықталды. Алайда туыстары олардың жоғалуына байланысты арыз түсірмеген. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 14 жасар жасөспірімге іздеу жарияланып, бір аптадан бері табылмай жатқанын хабарладық. 

Өзгелердің жаңалығы