Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бір өңірде жұмыс көп, бірінде маман тапшы – министрлік

Олжас АДАЙ
29 Шілде 2025, 10:42
857
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Жұмыс бар, алайда кейбір мамандар тапшы. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жұмыспен қамту құрылымы әрдайым экономиканың сұраныстарына сәйкес келе бермейді. Өзектілігін жоғалтып бара жатқан кәсіптер бар. Еңбек нарығында сұранысқа ие тиісті дағдылары бар кадрлар жетіспейді. Жалақының жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетсіздігі қосымша сын-қатерге әкелуі мүмкін, - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, өңірлер арасында айырмашылық бар. Оңтүстікте еңбек ресурстары шамадан тыс көп болса, солтүстікте жетіспейді.

Ірі мегаполистерде ішкі көші-қонның жоғары деңгейіне байланысты еңбек нарығының асыра толығуы тіркелуде, бұл әлеуметтік, тұрғын-үй – коммунальдық және көлік инфрақұрылымдарына едәуір жүктеме түсіруде. Бұл ретте, эномикалары көп салаланбаған өңірлер бар. Олардың салдарынан азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері шектелуде. Сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға жол береді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халықтың 30%-ға жуығы зейнетақы жүйесіне қатыспаған. Жекелеген секторларда еңбек нормативтерінің болмауы да көлеңкелі жұмыспен қамтудың сақталуына ықпал етуде, - дейді Биахметов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,6% болғанын жаздық.

Өзгелердің жаңалығы