Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір млн-нан астам қазақстандық тойып тамақ ішпейді және олардың басым көпшілігі қалалық жерде тұрады.
Бұл ақпаратқа қатысты Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді.
Денсаулық сақтау министрлігі аталған жариялымды дайындау кезінде тәуліктік тамақтану рационы және калориясы бойынша қандай да бір мәліметтерді ұсынбағанын мәлімдейді. Мұндай дәйексіз статистикалық деректерді жариялау мүлдем дұрыс емес, себебі тамақтану жөніндегі бейінді маман (диетолог) ғана тамақтану кезіндегі рационның немесе калорияның мөлшеріне қатысты өзінің ұсынымдарын бере алады, бұл ретте маман бірінші кезекте адамның жеке қажеттілігін және медициналық көрсетілімдерді басшылыққа алады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Ал нутрициолог Светлана Плясовская қазіргі заман адамының энергетикалық шығыны шамамен 2100 килокалорийде ауытқиды деп отыр.
Соның ішінде әйел адамдарда 2400-2500 килокалорийге дейін, ал мақалада калорийге қатысты көрсетілген деректер қала тұрғынының да, сонымен қатар ауыл тұрғынында қажеттілігін елеулі асырып көрсеткен. Егер ғылыми көзқарасқа жүгінетін болсақ, халық асыра тамақтанады деп немесе халықтың жан басына шаққанда калориясының асырылған деп айтуға болады. Керісінше, ірі қалалардағы адамдардың калориясының төмендеу динамикасы нені білдіреді, яғни адамдардың өзінің ішіп жүрген тамағының рационын және дене салмағын қадағалайды, рациондағы зиянды тамақ өнімдерін, майды, қантты, нан өнімдерінің мөлшерін ерекше көңіл бөледі. Қазақстандықтар өздерінің денсаулығы көп жағдайларда тамақтануына байланысты екенін түсінеді, бұл нені білдіреді, адамдарда өзінің денсаулығына деген саналы түсінігі пайда болды, тамақтану мәдениеті қалыптасты. Бұл халықты сауықтырудың оң үрдісі болып табылады - дейді дәрігер.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі осындай жариялымдар жеке адамның және қоғамның денсаулығына зиян келтіру мүмкін екеніне сенімді. Өйткені дәлелді медицинаға және тамақтану саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысы жоқ фактілер жарияланады.
Еске сала кетейік, кеше ел тұрғындарының тамақтану калориясы бір жыл ішінде 9,2%-ға қысқарғаны және 2021 жылы ол жан басына шаққанда тәуліктік рационда 3111 ккалды құрағаны туралы ақпарат тараған еді. Онда бұл 2016 жылы республика халқының тамақтану калориясының есебін жүргізген сәттен бергі ең төменгі көрсеткіш екені айтылған.