Желтоқсаншы Жанатбек Жақып 1986 жылы 17 желтоқсандағы бейбіт шеру қалай қанды қақтығысқа айналғанын, алаңға шыққан жастарға қандай қиянат жасалғанын және ол бір күнде қалай екі рет қамалғанын BAQ.KZ тілшісіне айтып берді.
Сұхбатта желтоқсаншы тәуелсіз Қазақстанда Желтоқсан көтерілісі жөнінде не айтылмай жатқанына, КСРО елдері ішінде бірінші болып наразылық білдірген Қазақстан тәуелсіздігін неге соңғы алғанына және жүйенің неліктен өзгермегеніне тоқталды.
Айта кету керек, сұхбатта 37 жыл бұрын алаңда және одан кейін болған жағдайлар ғана емес, Желтоқсан көтерілісі болмай тұрғандағы жастардың саяси сауаты мен орыс колонизациясы қалай жүргені жөнінде де айтылды.