Бір күн ішінде шегілмейтін темекі өнімдеріне қатысты 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды

20 Наурыз 2024, 00:29
581
Бөлісу:
Бір күн ішінде шегілмейтін темекі өнімдеріне қатысты 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Фото: Арман Мухатов -архив

Республика аумағында шегілмейтін темекі өнімдерімен байланысты бұзушылықтарды анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бір күн ішінде іс-шара барысында 548 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау – 241 факт, жекелеген қоғамдық орындарда темекі мен темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу – 234 дерек, 21 жасқа толмаған адамдарға темекі мен темекі бұйымдарын сату – 26, 18 жасқа толмаған жеткіншектердің темекі мен темекі бұйымдарын сатып алуы бойынша 27 дерек тіркелді. Кәсіпкерлік субъектілеріне құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 291 ұсыныс шығарылды. Полицияға 28 азаматтан шегілмейтін темекі өнімдерін сату және тарату бойынша хабарлама келіп түсті, - делінген ведомствоның хабарламасында.

6 факт бойынша жиналған материалдар ӘҚБтК-нің 199-бабы бойынша заң бұзушыны анықтау және жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау үшін аумақтық әкімдіктерге құзыреті бойынша жіберілді (ҚР темекі және темекі өнімдерін сату жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзу).

Іс-шараға 6 мыңнан астам полиция және 845 мемлекеттік орган мен мекеменің, жұртшылық өкілдері, оның ішінде еріктілер жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы