Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова өзінің жеке әлеуметтік парақшасында балалар колониясы мен әйелдер түрмесіндегі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жақында ол балалар қоғамдық қорының құрылтайшысы Үкіметтік емес ұйымдардың мүшесімен бірге және солардың шақыруымен балалар колониясына барғаны туралы жазды.
Алматыдағы ұлдар жазасын өтеп жатқан жерге барып, ұйымның оларға көмектесуге деген ұмтылысын көрдім. Оларға бәрін түзетуге болатынына сенім ұялатты. Жақсы жаққа өзгертуге деген сенімі мен бас бостандығынан айыру орындарынан жақсы өмірге шығуға деген көзқарасын сездім. Олар бұл жерге барар жері болмағандықтан, ешкімге қажет емес болғандықтан келдеді. Сондықтан оларға сенім, қолдау керектігін түсіндіріп, ашуланбай, рецидивист болмай, қоғамда зұлымдықсыз өмір сүруге болатынын түсіндірдік, - дейді Ирина
Сондай-ақ Смирнова Алматыда 1934 жылы салынған әйелдер түрмесіндегі жағдай туралы айтты.
Сол кездері салынған барақтар әлі бар. 50 шақты төсек тұрған үлкен бөлме. Моншаға аптасына тек бір рет барады. Дәретханасы далада. Жағдай – адамшошырлық. Түрмедегі балабақша туралы мүлде бөлек әңгіме айтуға болады. Балалар түрмеде, есесіне анасымен. Балалар тек үш жасына дейін анасымен болады. Әрі қарай тағдыр қалай шешсе, солай болады, - дейді Смирнова.
Ол Мемлекет басшысының әйелдер түрмесіндегі жағдайды көтеріп жатқанын толықтай қолдайтынын айтып өтті.
Ол әйелдердің түрмедегі жағдайын, болашақтағы өзгерістерді және амнистия мүмкіндіктерін айтқан. Өзгерістер жақында келеді деп үміттенемін, - дейді ол.