Бір айда буллинг бойынша 48 жағдай тіркелді 

Балалар арасындағы әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 жасанды интеллект фотоиллюстрациясы 17 Ақпан 2026, 13:03
17 Ақпан 2026, 13:03
878
Фото: жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

2025 жылы буллинг бойынша 434 құқық бұзушылық тіркелсе, биылғы қаңтар айының өзінде 48 жағдай есепке алынған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысы Әсет Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтылғандай, балалар арасындағы әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы маңызды рөл атқарады. Аталған құжат балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды біріктіреді.

Тұжырымдама аясында мектептерде буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, психологиялық қызметтердің жұмысын күшейту, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүйелеу, құқықтық сауаттылықты арттыру көзделген.

Спикердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар тек құқық қорғау органдарының ғана емес, білім беру ұйымдары, ата-аналар және қоғам өкілдерінің бірлескен әрекетін талап етеді.

Еске салсақ, бұған дейін білім басқармасы қызметтік тексеріс нәтижесінде директорға қатаң сөгіс жарияланғанын, содан кейін оның өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлаған еді.

Қазіргі таңда сотта бір отырыс өтіп, жасөспірімге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді. Ол үйқамаққа алынып, мектепке барып сабаққа қатысуға рұқсат берілді.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқушының анасы Мәншүк Жиембетова ұлының балтаны себепсіз қолға алмағанын мәлімдеді.

Полиция осы мектепте балта алып жүгірген оқушыға қатысты мәлімдеме жасады. «Осындай қару-жарақтың білім беру ұйымдарына кіргізілуінің алдын алу үшін қандай нақты шаралар қабылданбақ?» деген сауалға ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов жауап берді.

Наверх