Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай ел аумағында бір апта ішінде 2475 қылмыс жасалып, оның 1593-і тәулік ішінде ашылған.
Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 28 тонау және 290 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.