Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте профессор, медицицина ғылымдарының докторы,«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс инфекционист-дәрігері Бақыт Көшерова айтты.
Негізінде, тек бір ғана вакцина салдырған жөн. Барлық вакциналардың басты мақсаты - вирустың S ақуызына иммунитет қалыптастыру. Бұл коронавирустық инфекцияның ауыр ағымын тудыратын және ауыр асқынуларға әкелетін ең жасырын ақуыз. Барлық вакцинаның ол мейлі векторлық вакцина болсын, белсенді емес вакцина болсын, құрамында S ақуызы бар. Яғни, ең бастысы, ағзада осы ақуызға антиденелер пайда болуы керек. Бірнеше вакцина салдырудың қажеті жоқ, - деді ол.
Бақыт Көшерова бүгінде зерттеу жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Ресейлік вакцинаға келетін болсақ, антиденелер жасалып жатыр және антиденелер айналымының ұзақтығы бүгінде кем дегенде 6 айға созылады деген зерттеулер бар. Бірақ зерттеу әлі де жалғасуда. Бұл болашақта бір жылға немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Вакцинациядан кейін иммунитет, антиденелер 1, 2 және одан да көп жыл сақталады деп сенімді және нақты айтуға әлі уақыт жетпеді. Зерттеулер әлі де жүріп жатқандықтан, белгілі бір нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз, - деп қосты ол.