Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы 20 жылда адамзат тағы да жаңа пандемиямен бетпе-бет келеді. Бұл туралы Microsoft компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтс El Diario басылымына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, пандемия адамға белгілі вирус, мысалы, тұмаудың немесе коронавирустың өзге түрінен пайда болуы мүмкін.
Осы орайда Гейтс инфекцияны адамдар өздері ойлап табуы мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Ол індетті әдейі тарататын қандай да бір биотеррористің әрекетінің салдарынан орын алуы ықтимал. Гейтс сондай-ақ жер бетіндегі адамдардың саны өсіп, адамзат жаңа экожүйеге еніп бара жатқанын алға тартты. Сондықтан ауру табиғи сипатқа да ие болуы ғажап емес.
Мен алдағы 20 жылда климаттың өзгеруі салдарынан шығу сипаты табиғи пандемия болу ықтималдығы 50% деп есептеймін, - деп атап өтті милллиардер.
Эпидемиялық қатерге қарсы түру үшін әрекет ететін жаһандық топ пен жұмылдыру жұмыстарын жасау керек деп отыр. Сөзінше, ол үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бюджетін шамамен 25%-ға көбейту қажет.