«Білімді ұрпақ – елдің тұрақты дамуының негізі» атты конференция өтті

21 Қараша 2022, 21:15
1521
Бөлісу:
«Білімді ұрпақ – елдің тұрақты дамуының негізі» атты конференция өтті

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында «Білімді ұрпақ – елдің тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған еліміздің күштік құрылымдарына қарайтын әскери оқу орындарының курсанттары, отандық жоғары оқу орындардың студенттері, магистранттары мен докторанттары, Бауыржан Момышұлы атындағы Алматыдағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Бейнеконференцбайланыс түрінде шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери оқу орындарының өкілдері де қосылды. 

«Білімді ұрпақ – елдің тұрақты дамуының негізі» атты конференция өтті

Ұлттың білімді болуы – бәсекеге қабілеттіліктің, әлемдік аренада танылудың кепілі, өйткені білім – ырыстың тізгіні. Оның күші көкжиектерді кеңейтіп, жай көшірме дүниелер мен стереотиптерді жеңеді, нақты нәрселерді жасауға үйретеді. Білімділер ешқашан ескерусіз қалмайды. Өздерін дамыту арқылы олар әлемді өзгертеді, – деді Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы полковник Бауыржан Ибатулин. 

Жастардың елдің дамуына қосқан үлесі, оның ұлттық және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл мәселелер баяндамашылардың назарында болды. Конференция жұмысы үш секция негізінде, атап айтсақ, ұлттық қауіпсіздік мәселелері, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша ұйымдастырылды.

«Білімді ұрпақ – елдің тұрақты дамуының негізі» атты конференция өтті

Іс-шара барысында Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті арасында білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Үздік баяндама дайындаған курсанттар, студенттер мен тыңдаушылар дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Іс-шараға қатысқандарға сертификаттар берілді.

Өзгелердің жаңалығы