«Білімді ұлт». Павлодар облысында 120-дан астам мектеп жаңартылды

7 Сәуір 2023, 13:16
952
Бөлісу:
«Білімді ұлт». Павлодар облысында 120-дан астам мектеп жаңартылды
Фото: azattyq-ruhy.kz

Ертіс өңірінде «Білімді ұлт» ұлттық бағдарламасы шеңберінде соңғы екі жылда 123 мектеп жаңартылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Былғы жылғы меже – 54 білім беру нысанын жаңарту. Осылайша, 2025 жылға дейін аймақтың 200-ге жуық мектебі жаңа кейіпке енеді. Жоба үйлестірушілерінің айтуынша, басты мақсат – балалардың сапалы білім алуларына қолжетімді жағдай жасау, оқу кабинеттерін барынша жаңарту.

Облыста ұлттық жобаның негізгі үш бағыты жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие, орта білім беру, сонымен қатар, кәсіби және техникалық білім беру. Қала мен ауылдық жердегі білім беру деңгейін теңестіру бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Оқушылардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуы да маңызды. Мектепке дейінгі білім беру бағытында 2025 жылға қарай 2-6 жас аралығындағы балаларда балабақшамен қамту 95%-ға, ал 3-6 жас аралығындағы балаларды 100% - ға қамту жоспарланған. Мәселен, биыл жекеменшік балабақшаға мемлекеттік тапсырыстарды ұлғайту есебінен көрсеткішті арттырмақпыз. Осы бағытта табысы төмен алты мыңнан астам тәрбиеленуші тегін тамақтандырумен қамтылған. Олардың игілігіне 1,8 млрд теңге жұмсалады, - дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Баширова.

Орта білім беру деңгейін арттыру бағытында да жоспар көп. Биыл бес ауыл мектебін жан басына қаржыландыру форматына көшіру жоспарланған. Аймақта оқушылық орынның жетспеушілігі мәселесін шешу мақсатында алдағы екі жылда жеті мектеп бой көтермек. Бұған дейін 300-ден астам білім беру ордасы жаңа үлгідегі кабинеттермен қамтылса, биыл заманауи сыныптардың саны арта түседі.

Өзгелердің жаңалығы