Білім және ғылым министрі болған Шәмша Беркімбаева дүниеден озды

8 Сәуір 2022, 07:15
3057
Бөлісу:
Білім және ғылым министрі болған Шәмша Беркімбаева дүниеден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 80 жасқа қараған шағында қоғам қайраткері, ғалым Шәмша Беркімбаева өмірден озды. 

Шәмша Беркімбаева 1942 жылғы 10 қазанда Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген.

1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1966 жылы Алматы облысындағы Киров атындағы сегіз жылдық мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдігінен бастаған.

1968-1970 жылдары Алматы кооператив техникумының комсомол комитетінің хатшысы, 1970-1971 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің бөлім басшысы, 1971-1977 жылдары Қаскелең аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1977-1987 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. Қайраткер-ғалым 1987-1989 жылдары Алматы қаласындағы №12 орта мектебінің директоры, 1989-1997 жылдары ҚР Білім министрлігінің орынбасары, 1997-1998 жылдары Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасыньң елшілігінің бірінші хатшысы болды.

1998-1999 жылдары Алматы облыстық оқу бөлімінің бастығы, 1999-2000 жылдары ҚР Парламенті сенатының депутаты. 2002-2003 жылдары ҚР Ғылым және білім министрі болып тағайындалды. 2003 жылдың маусым айынан 2011 жылдың тамыз айына дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры болды.

Шәмша Беркімбаева – Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгілерінің иегері.

Өзгелердің жаңалығы