Білім министрінің көмекшісі пара алды деген күдікке ілінді

4 Шілде 2019, 12:29
2080
Бөлісу:
Білім министрінің көмекшісі пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин агенттікте өткен брифингте сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталғандар туралы мәлімет берді. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректоры мен білім және ғылым министрі көмекшісінің ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлау фактісі анықталды. Олар 2007 жылдан қазіргі күнге дейін министрдің көмекшісінің жалақысына осы оқу мекемесінде оқытушылық қызметі үшін 7 млн теңгеден астам бюджет қаржысын заңсыз есептеді деп күдіктелуде. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Бердалин.

Департамент директоры осыған дейін «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының парамен ұсталғанын хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы