Білім мәдениеті болмаса, Қазақстан әрі қарай дами алмайды – Президент

29 Мамыр 2023, 18:03
740
Бөлісу:
Білім мәдениеті болмаса, Қазақстан әрі қарай дами алмайды – Президент
Фото: Ақорда

Президент университетті аралап көру барысында оқытушылармен және студенттермен әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен бұл салаға ерекше мән беремін. Аталған мәселелердің бәріне басымдық береміз. Себебі білім, білім мәдениеті болмаса, Қазақстан әрі қарай дами алмайды. Жақында біз Ғылым академиясына реформа жүргіздік, өте танымал әрі практик ғалымды президент етіп тағайындадық. Ғылым жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткіздім. Таяу арада сіздер де ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың қатарын толықтырып, мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосасыздар деп санаймын. Мен жастарға сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы халықаралық озық тәжірибені енгізу және елімізде шетелдік оқу орындарының филиалдарын ашу қажет екеніне назар аударды

Біз жетекші университеттерді елімізде филиалдарын ашу үшін шақырып отырмыз. Мен Ресейдің техникалық университеттерін ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырдым. Алматыдағы ҚазҰУ-да физика-техника және Атырауда мұнай-газ салалары бойынша Ресей университеттерінің бөлімшелері ашылды. Жақында Сиань қаласында болдым. Ол жерде де Қытайдың техникалық бағыттағы жоғары оқу орындары өз филиалдарын елімізде ашуына мүдделі екенімізді айттым. Мұның бәрі бізге пайдалы. Өйткені білім халықаралық ынтымақтастыққа жол ашады. Білімде шекара болмайды. Қарыштап дамып кеткен елдер бар. Артта қалып қойған, бірақ озық мемлекеттерді қуып жетуге талпынатын елдер де бар. Сондықтан бұл саланың перспективасы зор. Қазақстан білім саласын дамыту үшін алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылады деп ойлаймын. Мен сіздерге үлкен үміт артамын, – деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы