Елді тамсандырып, кешегі Білім күнінің ең танымал суреті болған балақай БҚО-ның Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында тұрады екен, деп хабарлайды BAQ.KZ порталының сол өңірдегі тілшісі.
Баланың есімі - Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі екен.
БАҚ-та тараған мәліметтерде ол салтанатты шараға ағасымен бірге барғаны айтылуда.
Өзі костюм киіп барғысы келді. Сөйтіп, киіндіріп алып бардық. Олай танымал болады деп ойлаған жоқпыз - депті анасы Бақытгүл Жақыпова БАҚ-қа.