Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман": Тоқаев тамыз конференциясына қатысуда

15 Тамыз 2025, 10:30
1359
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO VIDEO
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр.

"Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман": Тоқаев тамыз конференциясына қатысуда

Биылғы жиын "Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман" тақырыбына арналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты екенін атап өтті.

Ең алдымен, баршаңызға дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуы құтты болсын! Бұл – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесіне арналған өте маңызды басқосу. Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар, - деді Президент. 

Мемлекет басшысы ұстаздарға ризашылығын білдірді.

Бүгін мен еліміздегі ұстаздар қауымына шынайы ризашылығымды білдіремін! Шын мәнінде, Мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр. Ыбырай Алтынсарин "Жақсы оқытушыны бәрінен де қымбат көремін" деген. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс, - деп түсіндірді Тоқаев.

"Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман": Тоқаев тамыз конференциясына қатысуда

Мемлекет басшысының сөзінше, мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де "отбасылық жүйе" жоқ.

Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеруде. Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де "отбасылық жүйе" жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі,  - деді Тоқаев. 

Президент атап өткендей, қазір елімізде рухы азат, ойы еркін ұрпақ өсіп келеді. 

Заңды сыйлау, тәртіпке бағыну қоғамның мызғымас қағидасына айнала бастады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан жаңа сипатты ел болу жолына бет бұрды. Бірақ өзгерістерді жасау – бір бөлек болса, оны біржола орнықтыру – бір басқа мәселе. Ол үшін, ең алдымен, қоғам санасы түбегейлі жаңғыруы қажет. Осы ретте сіздерге, яғни ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, нағыз "Адал азамат" мектеп қабырғасында қалыптасады, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы