Білім беруде дәлелдер мен зерттеулерге негізделген шешімдер ұғымы маңызды – министр

23 Маусым 2022, 09:48
1690
Бөлісу:
Білім беруде дәлелдер мен зерттеулерге негізделген шешімдер ұғымы маңызды – министр

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Отандық білім беру жүйесіне қатысты көптеген аңыз бен сапалы зерттеудің аздығы халықаралық тәжірибені зерделеу қажеттілігін одан сайын өзекті етеді.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Білім беруде дәлелдер мен зерттеулерге негізделген шешімдер ұғымы өте маңызды. Көптеген зерттеу тек ағылшын тілінде ғана қол жетімді. Сол себепті олардың кейбірін қазақ тіліне аударып, жариялауды жоспарлап отырмыз. Ал қазір сол кітаптағы мақаланың сілтемесін бөліскелі отырмын. Ол Польшадағы реформалардың тәжірибесіне қатысты, - деді министр.

1999 жылы бірнеше жылдың ішінде PISA көрсеткіштерін арттыру түрінде нәтиже бере бастаған реформалар іске қосылды.

Поляк тәжірибесі ең алдымен, ортақ кеңестік мұраға қатысты болуымен, орталықтандырылған және идеологиялық білім беру жүйесімен қызықты. 1999 жылы бірнеше жылдың ішінде PISA көрсеткіштерін арттыру түрінде нәтиже бере бастаған реформалар іске қосылды. Мақалада осы реформалардың кемшін тұстары мен сын-тегеуріндері жайында да айтылған. Ең қызықтыларын атап айтатын болсам, ол -  реформаны жүргізу жолындағы ауқымды жұмыстар, биліктің ата-аналар мен бүкіл қоғамға реформалардың мақсаттары мен принциптерін жеткізуі, - деді ол.

Министр  білім туралы сараптамаларды бөлісіп отыратынын жазды..

Алайда, PISA зерттеуіндегі ел көрсеткіштерінің күрт өсуіне, осы өзгерістердің тиімділігіне қарамастан, кезекті сайлауда билікке келген жаңа үкімет 2017 жылы ескі білім беру жүйесін қайта жаңғыртып, бұрынғы уақытқа қайта оралады. Егер ақпарат қызықты болса, толығырақ сілтемеге өтіп, оқуға болады. Осы кітапта келтірілген Польшаның, және басқа елдердің тәжірибесі білім беру саласындағы реформалар азаматтардың көп бөлігін қамтитын, сондай-ақ жүйелі, үздіксіз көзқарасты қажет ететін өте ұзақ процесс екенін көрсетеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы