Білім беру ұйымдарында "ДосболLIKE" бағдарламасын апробациялау жалғасуда

Бөлісу:
Білім беру ұйымдарында "ДосболLIKE" бағдарламасын апробациялау жалғасуда
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес  1 наурыздан бастап "" антибуллингтік бағдарламасын апробациялау жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бағдарлама орта білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында зорлық-зомбылықты алдын алуға бағытталған. Оның тәжірибелік апробациясына еліміздің 9 өңірінен 50 мектеп қатысуда. 

Бағдарламаны іске асыруға 5500-ден астам педагог пен 70 мың оқушы тартылды.

Бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес пилоттық ұйымдарда әкімшілік қызметкерлер мен педагогтер оқытылып, мектептердегі психологиялық ахуалға диагностика жүргізілді және буллингке қарсы командалар құрылды.

Бағдарлама аясында буллингтің алдын алуға бағытталған көптеген іс-шара өткізілді: техникалық персоналды оқыту, педагогтер үшін семинарлар мен тренингтер, ата-аналармен кездесулер. Ең ауқымды іс-шаралар 6152 мектеп пен 2,1 миллион оқушыны қамтыған "ДосболLIKE - достық қолын соз" республикалық акциясы, сондай-ақ республика бойынша 750 мың оқушы қатысқан "Менің мектебім буллингке қарсы" республикалық флешмобы болды. Осы бастама аясында оқушылар арасында өзара түсіністік пен қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған 16 мың іс-шара өткізілді. Бағдарламаның іс-шаралары тәжірибе жүзінде балалар мен педагогтердің буллингтің алдын алудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, олардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі, - деп атап өтті "Өркен" БӘАҰҒПИ" КеАҚ президентінің м.а. атқарушы Елена Сакенова.

Педагогтер мен ата-аналарға арналған семинарлар мен шеберлік сыныптары, балалардың өздері іске асыратын әлеуметтік жобалар олардың білім беру ортасындағы буллингтің алдын алу процесіне қатысуын арттырып қана қоймай, білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады. 
⠀ 
Айта кету керек, 2025 жылы "Өркен" БӘАҰҒПИ бағдарламаны жүзеге асыру ауқымын кеңейтіп, буллинг мониторингі мен диагностикасының жаңа тәсілдерін енгізуді, педагогтер мен мектеп психологтерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы