Білім беру саласында тағы бір онлайн-жоба іске қосылды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық&nbsp;білім басқармасы "Education Club Astana"&nbsp;деп аталатын жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.&nbsp;</h4>

 16 Сәуір 2020 2020, 13:28
16 Сәуір 2020 2020, 13:28
1999

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық білім басқармасы "Education Club Astana" деп аталатын жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Жоба әр жұма сайын сағат 15.00-де Білім басқармасының ресми @bilimastana инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығады. "Education Club Astana"  жобасының алғашқы қонағы Назарбаев Университетінің түлегі, 100 жаңа есім жобасының 2019 жылғы жеңімпазы, № 54 мектеп-лицейінің директоры -  Сейсенбай Шәкәрім Толыбайұлы, - деп хабарлады білім басқарамасы.
Алғашқы эфирдің тақырыбы "Интернетте оқып жүр талай қазақ баласы" деп аталады. Эфир барысында қазіргі төтенше жағдай кезіндегі қашықтан оқыту жұмыстарына байланысты сауалдар қойылады. Эфир кезінде онлайн-аудитория өздерін толғандырып жүрген сауалдарды эфир қонағына жолдай алады.


Наверх