Елімізде «AQYL» мемлекеттік білім беру жинақтау депозиті ашылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, оның мақсаты – оқу ақысын төлеу үшін жинақтау. Бастапқы жарна - 3 АЕК.
Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.
AQYL білім беру депозитін ашу үшін екі құжат қажет:
• Ата-аналарының бірінің жеке куәлігі.
• Баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.
Салымшы білім грантына ие болса:
1. депозиттен жинақты алуға
2. ақшаны басқа баланың атына аударуға
3. білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыруға құқылы.
Толық ақпаратты @fincenter.kz парақшасынан білуге болады немесе 8-800-080-28-28 тегін жедел желі арқылы хабарласыңыз.
Оқи отырыңыз: