Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Жоғарғы соты Садыр Жапаровты ақтап шығарды. Жапаровпен бірге депутат Талант Мамытов пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев те ақталып шыққан.
Бішкек мэрі Азиз Суракматов отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлады «Хабар 24».
Жергілікті ақпарат құралдары тиісті мәліметті муниципалитет аппаратының бірнеше қызметкері растағанын айтады.
Жалпы Суракматов осымен екінші рет өтініш беріп отыр. Алғаш рет ол 6 қазанда арыз жазған. Дегенмен араға 2 күн салып, жұмыс орнына оралып, қашықтан қызмет еткенін айтқан еді.
Бірінші вице-мэр қызметіне бұрынғы қала басшысы Нариман Тюлеев тағайындалған. Ол Бішкек қалалық кеңесі депутаттары ресми бекіткенше мэр қызметін атқарады.
Сонымен қатар Қырғызстан Жоғарғы соты премьер-министр әрі президент міндетін атқарушы Садыр Жапаровқа қатысты қылмыстық істі қайта қарап, оны ақтау туралы үкім шығарды. Тиісті шешім қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қабылданған, - делінген хабарламада.
Жапаровпен бірге депутат Талант Мамытов пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев те ақталып шыққан. Олардың барлығы «билікті күшпен басып алмақ болды» деп айыпталған болатын.