Әшімбаев: Билік пен қоғам арасындағы қарым-қатысты нығайту өте маңызды

13 Қаңтар 2020, 17:47
1754
Бөлісу:
Әшімбаев: Билік пен қоғам арасындағы қарым-қатысты нығайту өте маңызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның азаматтық альянсының өткен жылды қорытындылап, 2020 жылдағы жоспарына арналған конференциясы өтті. Іс-шараға Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев та қатысты. 

Қазіргі уақыт еліміздің дамуы үшін аса маңызды әрі жауапты кезең, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары белсенді түрде атқарылып жатыр. Мемлекет басшысының жүзеге асырылып жатқан көптеген бағдарламалары мен бастамалары қазақстандықтар тарапынан қолдау тауып жатыр. Алдымызда тұрған маңызды бағыттардың бірі – қоғамдық диалогты нығайту және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру. Бұл бағытта көп жұмыс жүргізіліп жатыр, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмыс істеуде, - деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, Ұлттық кеңестің соңғы отырысында президент кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде дайындалған реформалар пакеті жарияланды. Олардың арасында мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бізге Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" туралы тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды нығайту қажет. Бүгінде қоғамдық диалогты, билік пен қоғам арасындағы жүйелі қарым-қатысты орнату өте маңызды. Осы орайда Азаматтық альянс ұлттық, өңірлік, салалық және министрлік деңгейінде маңызды рөлдердің бірін атқаруы тиіс, - деп қорытындылады Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, Азаматтық альянс алдағы жылы заң жобаларын дайындауға белсенді қатысуы тиіс. Ал мемлекеттік органдар халыққа осы заңнамалық өзгерістердің мәнін оңай әрі түсінікті етіп жеткізуі керек.

Өзгелердің жаңалығы