Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстанда құрамында қант көп өнімдердің қымбаттауы мүмкін бе және қаншаға қымбаттауы мүмкін деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқасынан кейінгі брифингте Ақмарал Әлназароваға құрамында қант бар өнімдерге салынатын қосымша салық туралы сұрақ қойылды.
Соңғы бірнеше жылда елімізде артық салмақтан зардап шегетін балалардың саны артып келеді.Бүгінгі таңда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді. Соңғы деректерге сәйкес, балалар арасындағы семіздік бүгінде алты пайызды көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш те өседі, өйткені ер адамдар семіздікке бейім болады. Бала есейген сайын семіздікпен қатар қант диабетіне, қан айналымы жүйесі ауруларына шалдығуы мүмкін, - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан темекідегі сияқты құрамында қант мөлшері жоғары өнімдерге акциз салығын енгізуді жоспарлап отыр. Министрдің айтуынша, бұл халық денсаулығын қорғауды ұйымдастырудың халықаралық тәсілі.
Темекіге қатысты мысал келтіретін болсақ, бұл нормалар заңнамада өте дұрыс жазылған. Темекіге қатысты көрсеткіштер де өседі. Құрамында қант бар сусындарға дәл осындай механизм ұстану керек екенін көріп отырмыз. Бүгінде жастардың таза су ішпейтінін көріп отырмыз. Мұның бәрі денсаулыққа әсер етеді, - деп қосты Денсаулық сақтау министрі.
Құрамында қант бар өнімдерге қосымша үстемақы мен таңбалауды енгізуді басқарма басшысы оң бағалайды.
Бұл жерде тек құрамында қант бар сусындар туралы ғана айта алмаймыз, халықтың өнімді саналы түрде өз денсаулығы үшін таңдап алуы үшін таңбалануы қажет басқа да көптеген өнімдер бар. Бұл жұмысты әлі жүзеге асыруымыз керек. Өкінішке қарай, 2023 жылы қайтыс болған әрбір бесінші адам қан айналымы жүйесінің ауруынан көз жұмды. Біздің елімізде қант диабетімен сырқаттану өсіп отыр. Сондықтан халықтың денсаулығын сақтау үшін, бұл өте дұрыс шара, - деп түйіндеді ол.
Министр бағаның өсуі қант мөлшері жоғары барлық өнімдерге әсер ететінін айтты.
Жалпы, абсолютті мөлшерде айтатын болсақ, онда өнімдегі қанттың мөлшеріне байланысты орташа есеппен 200 теңге дейік.Құрамында қант бар сусындарға акцизді бірнеше пайызға арттыру олардың тұтынуын азайтатынын растайтын зерттеулер бар. Әрине, мұның бәрі халқымыздың, оның ішінде өскелең ұрпақтың денсаулық деңгейіне байланысты болады, - деп түйіндеді сөзін Әлназарова.