Қайғылы оқиға Алматыда 26 маусым күні таңғы сағат 07:00 шамасында "Теремки" жеке тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
"Криминальный Казахстан" телеграм арнасында бойжеткеннің соңғы минуттары көрсетілген видео жарияланды.
Куәгерлер түсіріп алған видеода қыздың терезеден шығып, билеп, өлең айтып жүргенін байқауға болады.
Өкінішке қарай, оның мұндай әрекеті қайғылы аяқталды.
Қазір қыздың өз-өзіне қол жұмсауына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оның себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.