Бибісара Асаубаева халықаралық Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Шымкентте әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Турнирдің нәтижесінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 instagram.com/bibisarachess 9 Қараша 2024 2024, 10:35
9 Қараша 2024 2024, 10:35
644
Фото: instagram.com/bibisarachess

Шымкентте әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Турнирдің нәтижесінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шахмат федерациясының мәліметінше, FIDE Women’s Grand Prix Series 2024-2025 турнирінің екінші кезеңінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қола медаль жеңіп алды.

Ал аталмыш бәсекеде Александра Горячкина жеңімпаз атанды.

Одан жарты ұпай аз жинаған әлемнің экс-чемпионы қытайлық Тань Чжуньи 2-орынды иеленді.

Айта кетейік, қазіргі таңда шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева жалпы FIDE Гран-приінің кестесінде 2-орында келеді.

Гран-при турнирінің алғашқы кезеңі жақында Грузияның Тбилиси қаласында өткен еді.

Наверх