Бұл туралы 19 жастағы қазақстандық шахматшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, бұл турнир өте қызықты форматта ұйымдастырылды. Турнир нокаут жүйесі бойынша өтті: 2 блиц ойыны, егер есеп 1-1 болса, онда Армагеддон ойналады, яғни қателікке жол жоқ. Жарысқа әлемнің ең мықты 8 шахматшысы қатысты.
Мен барлық матчта жеңіске жетіп, тек бір Армагеддон ойнадым. Турнирде 1 ойында ғана жеңілдім. Бірінші кездесуде Грузияның ең мықты шахматшысы, 2017 жылғы блиц бойынша әлем чемпионын Н.Дзагнидзені 2-0 есебімен жеңдім, – деп жазды Бибісара Асаубаева.
Екінші айналымда қазақстандық шахматшы 2022 жылғы блиц бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері және соңғы 20 жылдағы әлемдегі ең мықты шахматшылардың бірі Х.Конеруды жеңді.
Ал жартылай финалда Г.Мамедзаданы 1,5-0,5 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда Бибісара Х.Конераны негізгі уақытта 1,5-0,5 есебімен тағы да ұтты.
Осылайша Бибісара қыркүйекте өтетін Гранд-финалға жолдама алды.