Бибігүл Жексенбай: БАҚ-тағы жарнаманы заң жүзінде шектеу керек

20 Сәуір 2023, 18:20
1237
Бөлісу:
Бибігүл Жексенбай: БАҚ-тағы жарнаманы заң жүзінде шектеу керек
PHOTO
Фото: Бибігүл Жексенбай Facebook парақшасынан

Бұл туралы Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай өзінің жеке әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда қоғамдық сана мен азаматтық ортаны қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің орны ерекше. Ақпарат секунд сайын еселеп көбейіп жатқан әлемдегі жалғыз өнім деуге болады. Мұндай үлкен көлемдегі өнімдерді тұтыну барысында ақпараттық гигиена мен ақпараттық иммунитет қалыптасқан жөн. Себебі, мұнда психологияны бұзатын да, әлеуметтік ортаны да өзгертіп, тіпті ұлттық, мемлекетке де қауіп тудыратын контенттер болатыны айтылып жүр. Гибридтік соғыстар заманында мемлек­етті жаулап алғысы келсе, оған қарсы қарулы қақтығыстардан гөрі ақпараттық идеологиялық саясат арқылы өз құндылықтарын насихаттап, жаулап алу қиын емес, - деп атап өтті депутат.

Сондай-ақ ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Ақпа­раттық доктринасын бекіту» туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.

Бибігүл Жексенбай: БАҚ-тағы жарнаманы заң жүзінде шектеу керек

Доктрина халқымыз бен еліміздің идеологиялық дамуын қамтамасыз етуді, елді ұйыстыруға және заман ағымына бейімделген ақпараттық саясатты құруды көздейді. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыс кешенді жүргізіліп, бүкіл қоғам жұмылдырылуы керек деп ойлаймын. Халқымыздың саны арғысын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттердің бір қаласының тұрғынындай болып отыр. Қазіргідей технологиялар дамыған заманда бар-жоғы 19 млн-ның санасын улап, небір теріс пиғылды тықпалай салу қиын болмасы анық. Смартфонмен туған ұрпақтың миын басқару тіпті оңай, - деді Бибігүл Жексенбай.


Сонымен қатар депутат қазіргі таңда жанымызға қанша батса да дәстүрлі медианы әлеуметтік желілер тықсырып бара жатқанын мойындауға тиіспіз деп отыр.

Қазір дәстүрлі медиаға деген балалардың қызығушылығы қала тұрмақ, ауылдарда да төмендеп барады. Бұл әлемдік тенденция. Әлеуметтік медиа буыны қатпаған балалардың санасын жаулап алған. Олар тіпті бұрынғы кездегідей ғарышкер, ғалым, журналист, әртіс болуды армандап, идеал тұтпай, керісінше, A4, ГЛЕНТ, Lesha Maisak, Компот, Дима Масленников сияқты атақты жаңа медианың өкілдерін кумир тұтады. Бұл аса қауіпті. Яғни тек дәстүрлі, бұқаралық ақпарат құралдарына ғана емес, жаңа медиаға барынша назар аударатын уақыт жетті. Көрші елдер өз әлеуметтік желілерін дамытып жатыр. Қазақстанда бар желілерде мемлекеттік тілдегі сапалы контент мардымсыз. Біз балалардың, әсіресе жасөспірімдер қызығушылығы мен сұранысын зерделеу арқылы ұлттық құндылықтарымыз мен мемлекеттік мүддеге сай контент фабрикасын жасау уақыт күттірмейтін міндет, - деді ол.

Бибігүл Жексенбай: БАҚ-тағы жарнаманы заң жүзінде шектеу керек

Айтуынша, елімізде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз үшін бұл салаға бөлінетін қаражат мөлшерін қайта қарап, көбейтуді ойластыруымыз керек.

Ауруды емдеуден гөрі, алдын алған тиімді екені ақиқат. Аса маңызды тағы бір мәселе – БАҚ пен жаңа медиадағы құмар ойындар, энергетикалық сусындар, электронды шылым сынды халыққа аса зиянды өнімдерді жарнамалауға шектеуді заң жүзінде реттеу қажет. Әрине, жарнама табысы БАҚ-ты асырап отырғаны анық. Алайда ұлт денсаулығы мен санасына кері әсер беретін өнім мемлекет үшін қауіпті. Бұл бағытта арнайы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді де қарастыратын боламыз, - деді Бибігүл Жексенбай.

Өзгелердің жаңалығы