Қазақстанда биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде біздің елдің намысын жиырма спортшы қорғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалпы Шучинск қаласына әлемнің 38 елінен 500-ден астам атлет жиналған. Жарысқа Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен «IBU» – халықаралық биатлоншылар қауымдастығының президенті Олле Далин де келді. Олар спортшыларға сәттілік тіледі.
Айтып жатыр әлеуметіміз өте зор. Бірақ әлі күнге дейін бізге отандық жұлдыздар керек. Шын айтқанда, осы еліміздің әрбір ауданнан, ауылдан шыққан дарынды азаматтарымыз бар. Соңдықтан оларға жағдай жасап, болашақ чемпиондарды шығару қадамдарыңыз құтты болсын дейді. Соңдықтан, федерациемен бірлесіп, осы бағытты күшейтеміз деген ниетіміз бар,- деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.