Биатлон: Қазақстан командасы Қырғызстандағы жаттығу жиынын аяқтады

6 Шілде 2021, 07:46
1410
Бөлісу:
Биатлон: Қазақстан командасы Қырғызстандағы жаттығу жиынын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биатлоннан Қазақстан командасы Қырғызстандағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жиын 1-12 маусым аралығында ұйымдастырылды. Арнайы физикалық дайындық орта тау деңгейңндегі спорттық базада өткізілді. Бұл жаттығулардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. 

Биатлоннан Қазақстан командасы 2021-2022 жылғы маусымға дайындықты бастады. Бүгінге дейін Алматы облысы, Қырғызстан және Риддерде жаттығу жиындарын өткіздік. Жиында негізінен аэробикалық және күштік дайындыққа көп көңіл бөлдім. Спортшылардың барлығы да бабында, – дейді ерлер командасының аға жаттықтырушысы Александр Мухин. 
Өзгелердің жаңалығы