БҒМ-ның апталық жұмысына шолу

13 Наурыз 2022, 13:30
2601
Бөлісу:
БҒМ-ның апталық жұмысына шолу

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі министрліктің апталық жұмысына шолу жасады.

Елімізде қазақстандық ғалым Вячеслав Огай әзірлеген фибрин гидрогелін қолдану арқылы тізе буынының шеміршегін хирургиялық қалпына келтірудің жаңа әдістемесін клиникалық зерттеу басталды.

Дәрігерлер тізе буынының артрозына шалдыққан 28 жастағы науқасқа ота жасады. Клиникалық сынақтарға 25 пен 60 жас аралығындағы 80 ерікті қатысады. Зерттеудің алғашқы екі кезеңі 2022 жылдың соңына дейін жалғасады. Тізе буынының шеміршегін қалпына келтірудің бірегей әдістемесі қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға арналған.

Жаңа әдістеме Білім және ғылым министрлігінің 2021-2022 жылдарға арналған ғылымды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламасы аясында әзірленді.

Министрліктің аппарат жиынында Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген үздік педагогтерді жұмысқа тарту мақсатындағы арнайы бағдарламаны іске асыру барысы талқыланды

Бала туу көрсеткіші мен мұғалім тапшылығы бойынша жүргізілген арнайы зерттеу нәтижесі бойынша бағдарламаға қатысатын төрт аймақ анықталды. Педагогтерді таңдау конкурс арқылы жүреді. Іріктеуден өткен мамандарға әдістемелік қолдау мен әлеуметтік ынталандыру тетіктері қарастырылған.

Сондай-ақ аппараттық жиында педагогикалық білім сапасын арттыру мәселелері мен білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының жұмысы да қаралды.

Өзгелердің жаңалығы