БҒМ қанша мұғалім КВИ-мен ауырғанын айтты

12 Қазан 2021, 17:35
39434
Бөлісу:
БҒМ қанша мұғалім КВИ-мен ауырғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова қанша мұғалім КВИ-мен ауырғанын айтты.

2021 жылы 1 қыркүйекте 5 730 мектеп карантинде болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш екі есеге азайып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша санитарлық-гигиеналық құралдармен 100% қамтылған. Бұл құралдарды сатып алуға 2,9 млрд теңге бөлінген, - деп айтты ол.
Комитет басшысының сөзінше, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында ерікті негізде білім беру ұйымдарының педагогтары мен басқа да қызметкерлеріне вакцинациялау жүргізіледі. Мектепке кіру кезінде педагогтардың, персоналдың, сондай-ақ ата-аналардың иммундық мәртебесін тексеру үшін Ashyq жүйесі енгізілді.
Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе білім алушылардың, педагогтардың және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау бойынша кешенді шаралар жүргізуде. Өңірлердің ақпараты бойынша 364 мың мұғалімнің арасында КВИ-мен ауырғандардың 0,1% жағдайы тіркелген, - деді Гүлмира Кәрімова.
Білім беру ұйымдарында жеке қорғаныс құралдары мен маскалар, антисептиктермен қамтамасыз етілген.
Өзгелердің жаңалығы