Қытай астанасы Пекинді тұман басты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы жергілікті төтенше жағдай қызметі мәлімдеді.
Қазір мұнда ауа ластануының ең жоғары қызғылт-сары деңгейі жарияланды. Табиғи құбылыс 2 қарашаға дейін жалғасады.
Әсіресе Аньхой, Цзянсу, Сачуань провинцияларында ауа сапасы тым төмендейді. Сондықтан тұрғындарды сақ болуға шақырамыз,- дейді мамандар.