Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

9 Қазан 2022, 13:15
3996
Бөлісу:
Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы
PHOTO
Фото: автордан

Гугун деп аталатын «Жабық қала» - Бейжіңде орналасқан әлемдегі ең үлкен және әйгілі сарай кешені. Ол аспан империясының екі әулетінің 24 билеушісі, яғни Мин мен Цин әулетінің резиденциясы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі күні бұл тарихи қалаға жету үшін үш қақпадан өту керек. Олар - Тяньаньмэнь, Дуаньмэнь және сарайдың басты қақпасы — Умэнь. 

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

Жабық қаланың барлық жері Қытайдың философиялық және діни идеялары мен қағидаларына сай безендірілген.

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

Гугун музейінің құрылысы 1406 жылдан басталған. Оның құрылысын бастауға тапсырма берген император Чжу Ди болған. Тарихта «Жабық қаланың» жобасын монахтардың бірі түсінде көріп, кейін ол туралы император болатын князьге айтқан деген аңыз бар.

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

Сарай салу үшін қолданылғын негізгі материалдар - ағаш, кірпіш, мәрмәр және плитка. Кешен ішіндегі барлық ғимарат бір қабатты.

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы
Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

«Жабық қала» немесе «Тыйым салынған қала» деп жайдан жай аталып кетпеген. Мұның бұлай аталу себебі бар. Бұл қалаға қарапайым адамдар кіре алмаған. Жабық сарайда билеуші императордың отбасы және олардың көптеген қызметшісі тұрды. 

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы
Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

Қалаға рұқсатсыз кіруге тыйым салынды. Қызығып ұрланып кіргендер өлім жазасына кесілді. Алайда, адамдардың тыйым салынған қалаға кіруіне қызығушылық қана емес, мысалы, Мин әулетінің соңғы императорын шамадан тыс салықтар мен аштыққа ашуланып, Сарайға басып кірген тұрғындар оның өз-өзіне қол жұмсауына итермелеген.

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

«Жабық қаладағы» соңғы билеуші Цин әулеті аңыз бойынша қарғысқа ұшырайды. Сөйтіп Цин династиясы әйелдің қолынан құлайды. 

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

Қазіргі уақытта қалада билеушілердің резиденциясы жоқ, енді бұл кез келген адам кіре алатын «Гугун» императорлар музейі.

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

«Жабық қала» аумағында 9 999 ғимарат бар. Ортасында бұрыштарында күзет мұнаралары бар тіктөртбұрыш тәрізді Император сарайы орналасқан. Қаланың негізгі кіреберісі оңтүстік бөлігінде. Бұл Оңтүстік Умэнь қақпасы немесе «Түстен кейінгі қақпа» деп аталады.

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы
Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

1912 жылы Қытайда патшалық билік жойылып, республика жарияланған соң сарайдың бір бөлігінде ескі мәдени жәдігерлер көрмеге қойыла бастады, 1918 жылы мемлекеттік музей осында көшірілді. 

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

1925 жылы Қытай үкіметі оны Гугун императорлар музейі етіп қайта құрып, көпшіліктің көруіне рұқсат берді.

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

Экспонаттардың жалпы саны 1,1 млн музейде сирек кездесетін тарихи, әдеби, діни қолжазбалар мен ксилографиялық кітаптардың 500 мыңнан астам данасы сақтаулы. Олардың ішінде қытайшадан басқа шүршіт (маньчжур), моңғол, тибет, ұйғыр, түрік-шағатай жазуындағы кітап, қолжазбалар да мол. 1948 жылы Гоминьдан үкіметі Гугун музейінен әр түрлі мұралар мен сирек кездесетін қолжазба кітаптардың 230 мыңнан астам данасын Тайваньға алып кетті. 1965 жылы Тайвань – Гугун музейі ашылды.

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

Қытай халықаралық баспасөз орталығының бағдарламасына қатысып жатқан шетелдік журналистер, оның ішінде қазақстандық екі БАҚ өкілі «Гугун» императорлар сарайында болды. Журналистер сарайдың тарихымен танысты.

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

Айта кетейік, бұл бағдарлама елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық байланысын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған қоса биыл Қазақстан мен Қытай дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толды.

Бейжіңдегі «Жабық қала» немесе Императорлар сарайы

Қытай төрағасы Си Цзиньпин пандемиядан кейінгі Қазақстанға жасаған алғашқы сапарында екі ел басшылары медиа саласында да ынтымақтастық орнататынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы