Бейжіңдегі Олимпиадаға қанша қаражат жұмсалғаны айтылды

23 Ақпан 2022, 16:08
1563
Бөлісу:
Бейжіңдегі Олимпиадаға  қанша қаражат жұмсалғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша өтіп жатқан брифингте Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков мәлім етті.

Ол Олимпиада ойындарына құрама спортшыларының дайындығына 789 млн теңге бөлінгенін атап өтті.

Сонымен қатар бір спортшы басына 15 млн теңге жұмсалғанын ал жалпы Олимпиада ойындарына тікелей қатысу тұрғысында 248 млн теңге жұмсалғанын айтты.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына тікелей қатысу тұрғысында 248 млн теңге қаражат жұмсалды. Оның 107 млн теңгесі «Эйр Астана» компаниясына чартерлік рейстерді ұсынғаны үшін төленді, - деді Андрей Крюков. 

Олимпиада комитетінің өкілі  бір жылда нақты спорт түрі бойынша қанша қаржы бөлінетінін мәлімдеді. 

Биатлонға 384 миллион, тау шаңғы спорты 100 миллион, конькимен жүгіру 400 миллион, шаңғы жарысы 363 миллион, керлинг 200 миллион, трамплиннен шаңғымен секіру 198 миллион, сноуборд 14 миллион, конькимен мәнерлеп сырғанау 143 миллион, фристайл-могул 562 миллион, фристайл-акробатика 319 миллион, шайбалы хоккей 259 миллион, шорт-трекке 392 миллион теңге бөлінген. Жалпы қысқы спорт түрлерін қаржыландыруға мемлекет бюджетінен 3,5 миллиард теңге қарастырылған, - деп атап өтті  Крюков орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы