Қытай астанасында құмды дауыл соғып, тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Табиғаттың тосын мінез танытуынан Бейжіңді шаң-тозаң басып, көру мүмкіндігі шектелген. Адамдардың тыныс алуы қиындаған.
Бейжің қоршаған ортаны бақылау орталығының мәліметіне қарағанда, құмды дауылдан ауаның ластануы қалыпты жағдайдан 6 есе артып кеткен. 21 млн тұрғыны бар шаһарда құмды дауылдың соғуы наурыз-сәуір айында жиілейді. Бұған шаһардың Гоби шөліне жақын орналасуы мен солтүстіктегі ормандарды отау себеп, - дейді мамандар.