Бейжіңде Қазақстанның мәдени күндері басталды

26 Қараша 2023, 11:38
687
Бөлісу:
Бейжіңде Қазақстанның мәдени күндері басталды

ҚХР астанасы Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Мәдени күндері басталды , деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараның бірінші күні Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының концерт-тұсаукесері Guomao іскерлік және қазіргі заманғы астаналық ауданындағы алаңдардың бірінде өтеді.

Бүгін «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің артистері, «Гүлдер» ансамблінің шығармашылық ұжымы, қазақстандық эстраданың белгілі өкілдері Медет Салықов, Клара Төленбаева, Азамат Жылтыркөзов, Әлішер Каримов, Рухия Байдүкенова өнер көрсетті.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» артистері мен шығармашылық ұжымдарының Гала-концерті келесі аптада Бейжіңнің тарихи орталығында орналасқан ұлттық орындаушылық өнер орталығының сахнасында өтеді.

25 қараша, сенбі күні Қытайда Қазақстанның мәдениет күндері аясында «Цифрлық адамдар» — Қазақстан мен Қытай жастарының достығы» жобасын іске қосу рәсімі өтті. Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Қытайда қазақстандық көрікті жерлер бейнеленген фотокөрме ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы